| Басты бет » Балаларға базарлық |
| Саны: 467 Көрсетілген саны: 1-20 |
Беттер: 1 2 3 ... 23 24 » |
|
- Гав пен Талхантты шақыршы. Таңертеңнен бері үн қатпай қойған сырқат күйеуі балаларын шақыртқанда әйелі теріс қарап көз жасын сығып алды. Баяу басып есік сыртында әмір күтіп тұрған күзетшілерге: - Гав пен Талхант келсін, - деді. Көп ұзамай бөлмеге кірген балаларынан көз алмай қараған Джамхура билеуші Гавтың мұнтаздай түрі мен Талханттың бояу жұққан қолын көрді. Ол қысқа сөйлеп: - Үнді елінің батысы мен солтүстігін, Гав, саған, шығысы мен оңтүстігін, Талхант, сенің иелігіңе қалдырамын, - деуі сол-ақ еді Гав: |
|
Әжеме кетсем жұғысып, Тапқандай болам сөз кенін. Ертегін қызық ұғысып, Тыңдаймыз көзбен көргенін. Қабағын бір сәт шытпайды, Жайдары ашық мінезі. Балалар үйден шықпайды, - Естілмес қатал бір сөзі. Құшағы менен пейілі, Далаға байтақ тең келер. Нұрындай күннің мейірі, Біздерге бақыт дем берер. Ниеті таза, сондай ақ, Мейірім толы жанары. Таппаса байыз жанды аяп, Демігіп, қажып қалады. Қоя ғой, қарғам, күнім деп, Айналар жанды жылытып. Қараса әжем күлімдеп, Кетеміз бәрін ұмытып. |
|
Күз келіп сары бояумен Тастапты жонын қыр сырлап. Естілді маған, ояу ем, Қоңырау үні сыңғырлап. Құстардай қайта оралар Жарасып сазды бал әні. Мектепке беттеп балалар Асыға басып барады. Құшағы толып гүлдерге, Қуаныш нұры шалқиды, Құлақты түрсең үндерге, Шертілген лебіз сан қилы. Сағынған ұя-мектепті, Балалар түгел шадыман. Үйретер үлгі тек текті Шықпайды ұстаз маңынан. Думан ғып мектеп маңайды... Бір-бірін айтпай түсініп, Мейірімен күле қарайды, Ұстазға гүлін ұсынып. Алаңды шаттық кернеген, Білінбес кейіс бірінде. Арманға құлаш сермеген Ұландар құштар білімге. Күн де ашып шайдай қабағын, Тыныстап тұрды жарқын жүз. Бастады білім сабағын, Қоңырау қағып Алтын күз. |
|
Білімнің жаққан шырағын, Кездессе қайда мұғалім, Беремін сәлем ізетпен, Басымды иіп тұрамын. Санамның аршып бұлағын, Жаттаған үнін құлағым. Жақсылық жолын үйреткен, Қадірлі адам - мұғалім. Өмірлік қымбат мұғалім, Қадірлі жан деп ұғамын. Атанып жақсы ұланың, Жолыңды жарқын қуамын. |
|
Анамыздың мейірлі Жүзіне біз қараймыз. Анамызды пейілді Жомарт жанға балаймыз. Бізге қарап елжіреп, ... Сүйсе беттен күнім деп, Құшақ ашса келші деп, Жүгіреміз күлімдеп. Анамызға еркелеп, Қуантуды қалаймыз. Өссек егер ертерек Сый берер ек талай біз. |
|
Ана тілім - Бала шағым, өркенім, Ана тілім - Болашағым, ертеңім. Ана тілім - Сайын далам, жер-көгім, Ана тілім - Арман-ойым, өрнегім, Ана тілім - Шың, асқарым, өр көгім. Ана тілім - Жыр-дастаным, ертегім, Ана тілім - Үйім алып, еркемін. Ана тілмен Халық күйін шертемін. Ана тілім - Пәк сезімді жан сырым, Ана тілім - Лебіз демі бал-шырын. Ана тілмен Нұрланады маң, қырым. Ана тілмен Жырланады бар жырым. * * * Ана тілді білмесем, Шат-шадыман күлмес ем. Жер бетінде сайраңдап, Қазақ болып жүрмес ем. |
|
Қалыпты жай бұл күй: Тәртіп бізде қатаң. Ерте түрам ылғи, Тосекке кеш жатам. Өзіме бұл ұнар, Жүрмін елді қорғап. Айтқанымды ұғар Кіл қырағы солдат. Төзім, жігер керек, Осы біздің ұран. Солдаттарым зерек, Кіл мұзбалақ қыран. Ерлік – мәңгі мұрам, Осы біздің ұран. Қуанып-ақ тұрам, Шынықса әр ұлан. |
|
Бір жаңалық табамын Ауылдан да ен алыс. Дайын қағаз, қаламым, Жок мен үшін демалыс. Жолға шығу қиын ба? Кездім талай жерді де. Мектептегі жиынға Барып келдім мен, міне. Көңіл тыныш жата ма? Қаламым да зулады - Жазған кезде мақала Жақсы бала туралы. |
|
Апаңа еріп келдің сен, Көкеңе еріп келдің сен. Қаладағы ең жақсы үй Балабақша мен білсем. Себебі ме, себебі. Себебі ме, себебі: Барлық апа келеді, Барлық көке келеді. |
|
Жасыл шалғын төңірек, Далам неткен келісті. Жаңбыр жауса көбірек, Көркейеді жер үсті. Дәл осындай сәттерде Жазылады өлеңім, Жазып қойдым дәптерге: Көп жаңбыр... Ол – көп егін. Осыны бар ел тілер, Көп жаңбыр... Ол — тоқшылық. Қала сәнін келтірер, Көп егілсе кек шыбық. Көп бес алсам мен егер Шаттанамын, әрине... Көп бақытқа кенелер Көп баласы бар үй де. |
|
Дала нұрға бөленді. Бізге тағы жоқ тыным. Отырғызам мен енді Көшеттердің көп түрін. Шөлдегенде суарам, Қопсытамын түбін де. Көркейеді бұл алаң Күндердің бір күнінде. Жеміс толып, Майысып, Бұтақ жерге иілер. Саясында шай ішіп, Әжем маған сүйінер. Тамсанар-ау ел іші, Қызығар-ау жолдасым: Маңдай тердің жемісі Неге тәтті болмасын? |
|
Оңай деп ойлама жұмысын, Көп алғыс айтамыз бұл үшін. Сақшы тұр шекара шегінде Күзетіп елімнің тынысын. Күзетіп тұр сақшы даласын, Ауылын, Аяулы қаласын, Өзінің балдырған кезінде Ұйкысын күзеткен анасын. |
|
Апта түгіл ай өтті, Ол ғарышқа ұшқалы. Сонша неткен сай, епті, Сонша неткен күшті әрі. Еш адамға жолыкпас, Гүлге толмас кұшағы. Сонда да бір жалыкпас, Күні-түні ұшады. Ол кеткенде кыс еді, Жер беті енді көктеңбіл. Қашан жерге түседі? Шыдамды еді неткен бұл? Сөз болғанда бұл ағай, Ал ұяла бастаңдар, Түскедейін шыдамай Сабағынан қашқандар. |
|
Ерінбей сурет салады, Жасайды қағаз кемені, Таудан да биік талабы Азамат өсіп келеді. Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді Ұқыпты барлық ісіне Азамат өсіп келеді. Ағаларына ереді, Қарсы алып нұрлы таңдарды. Азамат өсіп келеді Бұл кітап соған арналды. |
|
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді, Құлпырып гүлге орап көк пен жерді. Халқымның салт-дәстүлерін аялаған, Арманы асқақтады көптен бергі. Жаңартып сана, салтымды, Қуантқан барша халқымды. Наурыз тойы – ел тойы, Ғасырдан асыр даңқыңды. Ән болып асыл, Даңқыңды асыр Ғасырдан ғасыр. |
|
Қалмау үшін ашығып Қысқы азығын кеш қамдап, Қамбасына тасыды БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС жаңғақ. Ұйқыдан ол асылы Көрген емес кеш өріп. Бүгін тағы тасыды БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС өрік. Ал, ал ... Біздің Қанат па? Қайта-қайта есінеп, Алды ескерту сабқта БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС рет. |
|
Қызыл-жасыл даланы Кезгін келсе шамалы, Татқың келсе басқа дәм, Қошақаным, бас қадам Оңға қарай БІР атта – Бас қоясың бұлаққа. Солға қарай БІР атта – Тойындасың құрыққа. БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ атта, Жүгір, Секір, жортақта. Тамақ өзі келмейді үйден шықпас қорқаққа. |
|
Жем шоқыған торғайға Көзі бірден түсіп, Деп: «Бұл әдемі ас болмай ма?» Қадам басты мысық. Бір ... Екі ... Үш ... - Торғай, Торғай, ұш! |
|
Кім сендерді балалар сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. |
|
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп,
жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір
шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. |


